Бокс • 24 Маусым, 2024

Мұхтархан Ділдәбеков 24 жылдан кейін бұрынғы қарсыласымен кездеседі

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлем және Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған бокстан Жастар арасындағы 12 халықаралық турнир өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Мұхтархан Ділдәбеков 24 жылдан кейін бұрынғы қарсыласымен кездеседі

Фото: olympic.kz

Түркістан облысында 23-28 маусым аралығында өтетін турнирге беделді кубалық алып боксшы Алексис Рубалькаба арнайы қонақ ретінде шақырылды. 

Алексис Рубалькаба мен Мұхтархан Ділдәбеков Сидней Олимпиадасының ширек финалында кездесіп, ел боксшысы кубалықты сұлатқан еді. 24 жылдан кейін байырғы қарсыластар Қазақстанда кездесті.

аа

Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған бокстан Жастар арасындағы 12 халықаралық турнирге:

Өзбекстан
Ресей
Қырғызстан
Грузия
Тәжікстан
Моңғолия және
Қазақстан Республикасы жастар ұлттық құрама командасының І нөмірлі боксшылары қатысып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15