• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Шілде, 2024

Димаш Құдайберген Си Цзиньпинмен түскен суретін жариялады

137 рет
көрсетілді

Танымал әнші Димаш Құдайберген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге түскен фотосын Instagram желісіне жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Достар! Кеше мен көршілес елдер – Қытай мен Қазақстан басшыларының алдында өнер көрсеттім. Аспан асты елінің әрбір тұрғыны үшін маңызды болып табылатын «Жасмин гүлі» әнін қытай тілінде орындадым. Си Цзиньпин мырзаға менің шығармашылығыма әрдайым ықылас білдіріп, құрметпен қарайтыны үшін алғыс айтамын», деп жазды Димаш Құдайберген.