Жол апаты Атырау қаласының іргесіндегі Жаңаталап ауылында болған, деп жазады Egemen.kz Atyrau online арнасына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасынан кейін мопед жүргізушісі облыстық ауруханаға жеткізілді.
«Жаңаталап ауылындағы Т.Құлбаев көшесінің қиылысында негізгі жолдағы қосалқы жолдан шығып бара жатқан Racer RC250 мопеді «Ankai» маркалы автотранспортпен соқтығысты. Салдарынан 1999 жылы туған мотоцикл жүргізушісі Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта жол апаты саладырының себебі анықталып, құжаттар жиналып жатыр», делінген Атырау облыстық полиция басқармасының хабарламасында.