• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Шілде, 2024

Қазақстанға есірткі жеткізуді ұйымдастырған шетел азаматы ұсталды

115 рет
көрсетілді

ҰҚК-ның Қызылорда және Маңғыстау облыстары бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға есірткі тасымалдайтын арнаның жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, 21 маусымда Маңғыстау облысында 10 келі гашиш өткізу кезінде Қазақстанның екі азаматы  ұсталды. Тінту кезінде олардан 50 г апиын, 4 000 АҚШ доллары және 4 млн теңгеден астам қаражат тәркіленді.

«Түзеу мекемесінде отырған шетел азаматы есірткі арнасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Оның жойылған есірткі арнасына қатыстылық фактісі Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның көмегімен құжатталды», деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.  

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің  297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.