• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 05 Шілде, 2024

Шаһар шырайы – тұрғындар еңбегі

213 рет
көрсетілді

«Таза Қазақстан» респуб­лика­лық экологиялық акция­сы бас­талған сәуір айынан бері Шым­кентте бірнеше сен­білік ұйымдастырылды. Қала­лық жайлы ортаны дамыту басқар­масының мәліметі бо­йынша, сәуір-мамыр айларында шаһарда өткен сенбілік­терге 163 мыңға жуық адам қатысты.

Сонымен қатар жалпыға бірдей қа­лалық тазалық науқанына 1 286 өн­ді­рістік, кәсіпкерлік, 681 әлеуметтік мекеме қызметкерлері атсалысты. Та­за­лық жұмыстарына қосымша 7 691 дана техника жұмылдырылды. Қала­дағы бес аумақтық-әкімшілік – Әл-Фараби, Еңбекші, Тұран, Қаратау, Абай аудандары аумағынан 8 мыңға жуық тонна тұрмыстық қалдық шығарылды. Бұған қоса ағаштар мен бұталарды әктеу, санитарлық кесу жұмыстары жүргізіліп, жаңадан ағаш көшеттері егілді. Қалалық жайлы ортаны дамы­ту басқармасы мамандарының айтуынша, тал көшеттерін егу, санитар­лық тазалау жұмыстары шаһарда күзге дейін жалғасады.

Ал қазіргі уақытта Шымкенттегі аумақтарды көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары қолға алынып жатыр. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы ілкімді істер қалада жыл соңына дейін атқарылады. Осыған сәйкес жергілікті атқарушы билік акцияны ұйымдастырудың кестесі мен іс-шаралар өткізу жоспарын бекітті. Бүгінгі таңда қала аумағында тазалық жұмыстары аталған жоспар аясында күнделікті атқарылып жатыр.

Өткен сенбілікке қаладан 2 мыңнан аса жұмысшы қатысты. Оларға көмекке 150 арнайы техника жұмылдырылды. Шаһар тұрғындарының ішінде ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, түрлі мекеме қызмет­керлері, ерікті жастар жасы мен беде­ліне, қызметіне қарамай тазалық жұ­мыс­тарына белсене атсалысып жатыр.

Жоғарыда аталған басқарма ма­ман­дарының мәлімдеуінше, әкім­дік қала аумағындағы көшелерді 3 са­­нат­қа бөліп, жаз айларында екі ауы­сым­нан үш ауысымға ауыстыру (I ауысым

06:00–12:00, II ауысым 12:00–18:00, III ауысым 18:00–00:00) арқылы сани­тарлық тазалау жұмыстарын кү­шейткен. Сондай-ақ ауа райының жа­уын-шашын күн­дері жекелеген жер­лерде су жиналуын болдырмау мақ­сатында әр ауданнан 20 адамнан құралған ирригациялық тазалау топтары қала аумағындағы ир­ри­гациялық жүйелердің жай-кү­йіне зерделеу жұмыстарын тұрақты не­гізде жүргізіп келеді. Өз кезегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында мердігер мекемелер тарапынан да көшелерді тазалауға 50 адамнан тұратын бригадалар құрылды. Олар халық көп жүретін қоғамдық орындар мен аялдамаларды, жол жиектері­нің тазалығын тұрақты қамтамасыз ету жұмыстарын күнделікті атқарып отыр.

– Бүгінгі таңда мердігер мекеме­лер қала аумағындағы қылқан жапы­рақ­ты ағаш көшеттерін жәндіктерге қар­сы арнайы препараттармен дәрілеп, ағаш көшеттерін әктеп, формовка, яғни арнайы пішін беріп жатыр. Соның ішінде шаһардың Қаратау ауда­нында көгалдандыру мен таза­лық жұмыстарын 19 жылдық тәжіри­бесі бар «Жасыл жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған. Айта кету керек, аталған серіктестіктің арнайы техника автопаркі, екі өндірістік базасы, тұқымбағы, жылдық өнімді­лігі 1,5 миллионнан асатын жеке жы­лыжайы және бұталарды өсіруге арналған контейнерлік алаңы бар. Ме­кеменің көгалдандыру саласын­дағы мол тәжірибесінің арқасында жасыл желектер саны көбейіп, кө­гал­дандырылған аумақтар саны артып келеді, деді қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасының өкілі Жарылқасын Машбек.

Қала тұрғыны Қарашаш Әжібаева да бүкіл еліміз бойынша атқары­лып жатқан тазалық акциясына дән риза. Өзінің айтуынша, осынау тазалық науқаны арқылы мегаполистің көп­теген аумағы тазарып қалды. Әсіресе көпқабатты үйлердің аулалары мен қала сыртындағы шалғай елді мекендер де абаттанып, келбеті көрікті бола түсті. Акцияның жыл бойы өтетіні қуантады дейді ол. Өйткені жаз бен күз мезгілінде де қаланың тазалайтын аумақтары табылады. Ең бастысы, қарапайым тұрғындардың тазалық науқанын белсенді қолдап тұр.

Бұған елімізде акцияны наси­хат­тау мақсатындағы идеология­лық жұмыс­тардың оң әсер еткені сезі­леді. Өйткені атқарушы билік тарапынан халық арасында тазалық мәде­ниетін қалыптастыруға, сондай-ақ қала тазалығын сақтауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бұл күндері мықтап қолға алынған. Әлбетте, мұнда, адамдардың бойын­да табиғатқа деген жанашырлық сезі­мін ояту, әсіресе өсіп келе жатқан жас ұрпақты қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу мақсаты жатқаны белгілі.

ШЫМКЕНТ