• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Экология 05 Шілде, 2024

30 мыңға жуық көшет егілді

61 рет
көрсетілді

Жетісуда «Таза Қазақстан» экоакциясы қарқынды түрде қолға алынған. Жаздың ыстығына қарамастан сала мамандары мен тұрғындар бірлесе еңбек етіп жатыр. Бүгінге дейін 154 мың жетісулық атсалысқан. Олар ауланы ғана тазартып қоймай, қала сыртындағы қоқыстарды да жинастырып, табиғатты қорғау іс-шараларын да қалыс қалдырған жоқ.

Жалпы, республикалық эко­логиялық акциясы басталған­нан бері үш ай уақыт ішінде «Таза бейсенбі», «ROAD-эста­фета», тарихи-мәдени мұра ес­керт­кіштері мен объектілерін ван­дализм іздерінен тазарту іс-шаралары жүйелі түрде жүрді. 160 мыңға жуық тұрғын белсене қатысты. Атап айтқанда, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, волонтерлар, жастар, шағын және орта бизнес өкілдері бой көрсетті. Өңір әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Таза Қазақстан» экоакциясы «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөл­дір бұлақ» бағыттары бойынша жүргізілді.

Солардың ішінде текелілік­тер де тазалық шараларында бел­сенділік көрсетуде. Өткен апта­ның соңында қаланың 150-ден астам тұрғыны Қаратал өзенінің жағалауын тазалады. «Текелі Су құбыры» кәсіпорны, «Гараж» ЖК және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар кө­лігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан қоқыс тиегіш 2 техника, қоқыс таситын 3 техника жұмылдырылды. Экологиялық акцияға тұрақты шығатындардың арасында кәсіпкерлер де бар. Солардың бірі Сәкен Сандыбаев өзінің жеке нысанының маңайын ғана емес, жалпы қаланың таза­лығын сақтап, абаттандыруға атсалысып келеді.

«Текелі – біздің туған қаламыз, ортақ үйіміз. Осында балаларымыз, немерелеріміз өсіп-өніп, ер­жетіп келеді. Сондықтан қаланың болашағына да, тазалығына да бәріміз бірдей жауаптымыз. Осындай ортақ істерге бірге жұмылып, басқаларға үлгі болар­лық игі шараларды көптеп атқа­райық», дейді кәсіпкер.

Текелі қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Жетібаевтың айтуынша, осы акция басталғаннан бері қалада 34 сенбілік ұйымдас­тырылып, оған 3 500 адам жұмыл­дырылған. 350 түп ағаш көшеті отырғызылып, 18 мыңға жуық гүл егілді, бей-берекет шашылған қоқыстар шығарылды.

Сол сияқты тазалық акциясына қатысқан Ақсу ауданы­ның ерік­тілері Жансүгіров ауы­лын­дағы «Сегізбатыр» скверін абаттандырды. Оған қоса арық­тарды тазалап, қоқыс шығару­мен қатар көшеттерді суарып, көгал­дан­дыруға да ерекше мән берілуде.

«Акция басталғалы таза­лық шаралары тұрақты атқара­лып келеді. Апта сайын «Таза бей­сенбі» шарасын ұйымдас­тырамыз. Оған негізінен жастар белсенді қатысуда. Бұл өске­лең ұрпақтың қоршаған ортаға де­ген қамқорлығын қалыптасты­руға үлкен ықпал етеді», дейді ­Жан­сүгіров ауылдық округі­нің әкімі Ілияс Мұсабаланов.

Облыстық қоғамдық даму бас­­қармасының мәліметіне қара­ған­да, бұл шараларға бүгінге де­йін­ өңірде жалпы саны 154 мың­нан­ астам адам атсалысып,

1 102 ­тех­­ника жұмылдырылды. Таза­­лық ша­ра­ларының нәтиже­сінде, 6 162 тонна қоқыс шыға­ры­­лып, 2 200 км арық желісі таза­­лан­­ды. Облыс аумағында акция ке­зінде 29 514 түп ағаш отыр­ғы­зылды.

Жетісу облысы