• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 05 Шілде, 2024

Игі бастамалар қолдауға лайық

79 рет
көрсетілді

Қазір халықаралық қарым-қатынас өте жылдам өзгеріп жатыр. Оған сәйкес әлемдік қауымдастықтың алдында тұрған мәселелер де көбейе түсті. Бұл орайда ШЫҰ-ның диалог алаңында айтылған ұсыныс пен жобалардың мәні зор.

Ұйымның көптеген диалог алаңынан өзіндік айыр­ма­­шы­­лығы бар. Себебі ШЫҰ оты­­рыс­тары – интеграция мен ын­тымақ­тастық­қа негізделген форматта көрініс табады. Осыған дейін ұйымның қызметі Орталық Азия өңірін­дегі мәселелерге ғана бағытталса, қазір Еуразия­лық кеңістіктегі қауіпсіздікті қам­тамасыз ету мен бейбітшілікті сақтауға бағыт алып отыр. Демек байқап отыр­ғанымыздай, жаңа ережелерді ұсынатын халықаралық институттар барынша сұранысқа ие бола түсті деген сөз. Осы ретте ШЫҰ жаһандық тұрақтылық пен әлемге ортақ тәртіпті қалыптастыра алатын беделді орталыққа айналып отыр.

Саяси дағдарыс пен бәсе­келестік, өңірдегі әртүрлі қауіптің артуы инвестициялық байланыстардың үзілуіне алып келуі мүмкін. Оның соңы бейбіт­шілік пен тұрақтылыққа қатер төндіреді. Сондықтан ШЫҰ-ның мақсат-мұраты – тараптармен сындарлы диалог жүргізіп, тиімді қарым-қатынас орнатуға ықпал ету. ШЫҰ – беделді халықаралық ұйым. Сол себепті ұйымға қатысуға ниет білдірушілердің саны артып келеді. Егер ұйым құрылған 2001 жылы 6 мемлекет болса, қазір қатысушылар саны 26-ға дейін өсті. Тілек білдірушілер әлі де көбейе береді.

Қазақстанның 2024 жылды «Эко­логия жылы» деп жариялау туралы ұсынысы Өзбекстанда да жо­ғары бағаланды. Бұл бағытта да ат­қа­­рылған жұмыс көп. Мәсе­лен, Ас­танада ұйымға мүше мемле­кет­тердің жастары мен бақы­лау­шылардың кездесуінде таза бола­шақ құру туралы игі бастамалар талқыланды. Бұған қоса 2030 жыл­ға дейін энергетикалық ынтымақ­тастықты дамытудың жалпы стратегиясы әзірленгені қуантады.

Мурат БАХАДИРОВ,Әлемдік экономика және дипломатия университетінің доценті, саясаттанушы (Өзбекстан)