Германияның сыртқы істер министрлігі Еуро-2024 матчында гол соққан соң «қасқыр басын» көрсеткен түрік футболшысына байланысты Түркия елшісін шақырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түркия сыртқы істер министрлігі тарапынан да Анкарадағы Германия елшісі шақыртылған.
Сондай-ақ УЕФА 2 шілдеде Еуропа чемпионатында Австрияға қарсы гол соққаннан кейін саусақтарымен қасқырдың басын көрсеткен Түркия құрамасының орталық қорғаушысы Мерих Демиралға қатысты тергеу бастаған.
«Сұр қасқырлар» – Түркияның ұлтшыл қозғалыс партиясымен (MHP) байланысты әсіре ұлтшыл жастар қозғалысы. 1960 жылдары «сұр қасқырлар» Түркиядағы солшыл және ұлтшыл топтар арасындағы қақтығыстарға қатысқан.
Францияда және Австрияда «қасқыр» символына тыйым салынған, ал Германияда тыйым салынбағанымен, жастар қозғалысы үнемі бақылауда тұр.