• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Шілде, 2024

БҚО-да сейф ұрламақшы болған тұрғын ұсталды

84 рет
көрсетілді

БҚО-да тұрғынның сейф ұрлап жатқан сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, 29 маусымға қараған түні қала орталығында орналасқан кеңселердің біріне белгісіз біреу кіріп, ішінде миллион теңгеге жуық ақшасы бар темір сейфті ұрлап кеткен. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар 26 жастағы облыс тұрғыны ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, ұрланған сейф тәркіленген. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Айта кетерлігі облыстың жедел уәкілдері, жыл басынан бері бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша қылмыстарды ашуда жақсы нәтиже көрсетіп отыр.  6 ай ішінде осындай 491 қылмыс тіркелсе, оның 79,3%-ы ашылған.