Бүгін өз ісін ашуға және дамытуға 10 қарағандылық жас кәсіпкер Қарағанды қаласы әкімінің грантына ие болды, деп жазады Egemen.kz.
Гранттарды қалалық мәслихат төрағасы Алтынтөре Жангелдіұлы, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Дастан Аманкелдіұлы, қалалық жастар ресурсы орталығының директоры Якуб Джамалов тапсырып, конкурсқа қосқан жобалардың үлкен бизнеске айналуын тіледі.
Айта кетейік, Қарағанды қаласы әкімінің жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға арналған гранты үшінші жыл беріліп отыр.
Жеңімпаздар 3D-принтер арқылы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға протез жасау, STEAM заманауи және инновациялық әдістемесі бар IT-мектеп, гипс бұйымдарын шығаратын өндіріс орны, ерекше балаларға арналған «Сезин» инклюзивті шығармашылық орталығын ашу, «Blackjump» фитнесстудия секілді жоба-жоспарлар ұсынған.
Сонымен биылғы қала әкімінің 1 500 000 теңге грантын төмендегі жас кәсіпкерлер алды:1. Ермоленко Александр Сергеевич2. Балтабаев Ғабыләлі Айдаржанұлы3. Ежебаева Шолпан Есенкелдіқызы4. Субботин Антон Юрьевич5. Аблаева Фатима Берікқызы6. Какабаев Сүйіндік Мейіржанұлы7. Төлегенова Жазира Дәрібайқызы8. Нұрғазы Мөлдір Уәлиханқызы9. Аманкелдиева Қарақат Бауыржанқызы10. Арыстанова Диана Мұхамеджанқызы