• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Шілде, 2024

«Тоғызқұмалақ» ойынының атауы өзгермейтін болды

111 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутатының «Тоғызқұмалақ» зияткерлік ойынының атауын өзгертуге қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әлемде бірдей ойындарды немесе заттарды әртүрлі тілдерде әртүрлі атаулармен кездестіруге болатын жағдайлар бар. Мысалы, ағылшындар «футбол», италияндықтар «кальчо», америкалықтар «соккер» деп атайды. Егер біз зияткерлік ойындардың бірі шахматты алсақ, оны кейбір елдерде оны «шатран», тағы бірі «чесс», енді бірі «шахмат» деп атайды», деді Т. Дүйсенова.

Вице-премьер А. Красновтың, Н.Пантусовтың, Б. Куфтиннің, Р. Каруцтың, М. Балакаевтың, А. Ақшораевтың, С. Аманжоловтың, С.Тілеубаевтың және басқа да көптеген ғалымдардың, сондай-ақ М. Әуезовтің еңбектерінде бұл ойын «Тоғызқұмалақ» деп аталатынын еске салды.

− «Тоғызқұмалақ» ойынының атауын өзгерту федерацияның да, басқа ұйымдардың да құзырына кірмейді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мың жылдық тарихы бар халықтың мәдени мұрасы саналатын «Тоғызқұмалақ» ойынының атауы сол күйінде қалғаны дұрыс деп есептейміз, – деп нақтылады Тамара Дүйсенова.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова «Тоғызқұмалақ» ойынының атауын «Тоғызат» деп өзгертуді ұсынған болатын.