• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бокс 05 Шілде, 2024

Олимпиадаға баратын боксшы қыздардың дайындығы қалай

171 рет
көрсетілді

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Париж Олимпиадасы қарсаңында соңғы жаттығу жиынын өткізіп, дайындықтарын пысықтайды, деп жазады Egemen.kz.

Құраманың бас бапкері Елдос Сайдалин жолдама иегерлерінің Олимпиадаға дайындығы қалай өткенін айтты. 

«Жақында ғана Жанашар ауылындағы базада екі апталық жаттығу жиынын ойдағыдай өткіздік. Олимпиадаға баратын үш боксшымызға командадағы өзге спортшылар көмекке келді. Қазір құрама мүшелері аздаған үзіліс алды. 8 шілдеде қайта жиналамыз», деді бас бапкер.

Сондай-ақ құрама Парижде бақ сынайтын боксшы қыздарға спарринг қарсылас апармақ ниетте.

«21 шілдеде Парижге ұшып кетеміз. Кейін сол жақтағы жағдайға қарай жаттығуды жалғастырамыз. Боксшы қыздарымыздың жағдайы жақсы. Оларды Олимпиадаға нағыз бабында апару − біздің міндетіміз.

Олимпиада ойындарына үш қызға спаррингтік серіктес болатын тағы үш боксшыны алып кетуді жоспарлап отырмыз. Әзірге нақты кімнің баратынын ақылдасып жатырмыз», деді Е.Сайдалин.