• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Шілде, 2024

Балаларына алимент төлемеген әкелер қамалып жатыр

153 рет
көрсетілді

Атырау облысында балалары үшін алимент төлемей жүрген екі борышкердің ісі сотта қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.

Сот қаулысымен борышкерлер қамауға алынды.

Бұл туралы Kazinform жазды. Қызылқоға аудандық сотының ақпаратына сүйенсек, борышкерлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігінің талабын бұзған.

«Борышкерлер кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағу үшін айлық табысының және өзге де кірісінің тиісті мөлшерінен алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындамағаны анықталды. Сот отырысында құқық бұзушылар өз кінәсін мойындап, жұмысқа орналасуға және балаларын асырап-бағу үшін алимент төлеуге уәде берді. Сот қаулыларымен құқық бұзушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Құқық бұзған борышкердің әрқайсысына 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды», -деп хабарлады аудандық соттан.