Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында денсаулық сақтау объектілерін салу кезінде заңсыз сыйақы алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Авторлық қадағалау тобының басшысы бопсалау жолымен орындалған жұмыстар актілеріне және пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулаториялар салуды жүзеге асыратын компанияның бас инженерінен 9 000 000 теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алғаны анықталды», делінген ҚМА хабарламасында.
Күдікті қолма-қол ақша алып жатқан жерінен ұсталды.
Заңсыз сыйақы мөлшері көрсетілген объектілерді салу құнының жалпы сомасының 1%-ын құрайды.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.