• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Шілде, 2024

Атырау облысында жасөспірім суға батып кеткен

113 рет
көрсетілді

Атырау облысының Индер ауданында үш тәулікке созылған іздестіру жұмыстарынан кейін 13 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылып, судан шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 5 шілде күні Көктоғай ауылында болған. 2011 жылы туған бала достарымен бірге рұқсат етілмеген жерде жүзіп, суға батып кеткен.

«Баланың мәйіті іздестіру жұмыстарының үшініші тәулігінде табылды. Оны іздеуге ТЖД-ның 10 құтқарушысы, екі бірлік арнайы техникасы  және екі жүзу құралы тартылған. Айта кету керек, қазір Индер ауданындағы Жайық өзенінің тереңдігі - 16 м, ал ені - 200 м. Ағысы да өте күшті болғандықтан, аталған жерде шомылу маусымы әлі ашылмаған. Ата-аналарды қырағы болуға шақырамыз», делінген хабарламада.