Футболдан Еуропа чемпионаты тарихында гол соққан ең жас ойыншы рекорды жаңарды. Оны Испания құрамасының ойыншысы Ламин Ямаль жаңартты, деп жазады Egemen.kz.
Жаңа рекорд жартылай финалдағы Франция мен Испания құрамалары арасындағы ойында тіркелді. 21-минутта оның алыстан шиіре тепкен добы қақпа торында тулады. Ол бұл голды 16 жас, 11 ай, 27 күн толғанда соқты.
Бұған дейін Еуропа чемпионатында гол соққан ең жас ойыншы Йохан Фонлантен еді. Швейцариялық футболшы гол соққанда 18 жас 141 күн толған еді.
Йохан Фонлантен – 18 жас, 141 күн (Швейцария - Франция 1:3, 21.06.2004)
Уэйн Руни – 18 жас, 237 күн (Англия - Швейцария 3:0, 17.06.2004)
Ренату Саншеш – 18 жас, 317 күн (Польша - Португалия 1:1, пен. 3:5, 30.06.2016)
Драган Стойкович – 19 жас, 108 күн (Франция - Югославия 3:2, 19.06.1984)
Арда Гүлер – 19 жас, 114 күн (Түркия - Грузия 3:1, 18.06.2024)
Криштиану Роналду – 19 жас, 128 күн (Португалия - Греция 1:2, 12.06.2004)
Ференц Бене – 19 жас, 183 күн (Испания - Венгрия 2:1, 17.06.1964)
Кристиан Киву – 19 жас, 238 күн (Англия - Румыния 2:3, 20.06.2000)
Патрик Клюйверт – 19 жас, 353 күн (Нидерланд - Англия 1:4, 18.06.1996)