• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 10 Шілде, 2024

«SDG Pioneers» қорытындысы

99 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Руслан Рүстемов Алматы қаласында «Орталық Азиядағы Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу пионерлері (SDG Pioneers)» байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсіміне қатысты. Іс-шараны БҰҰ-ның Қазақстан мен Орталық Азиядағы жаһандық шарты ұйымдастырған.

Сенатор Рүстемов сарапшы­лар­мен, ұйымдастырушы­лары­мен әңгіме барысында мем­ле­кет­тің билік буындарын транс­фор­­мациялау арқылы елімізде жү­зеге асырып жатқан реформалары туралы айтып берді. Ел бас­шы­сы­ның әлеумет­тік-эконо­мика­лық өмірді жақсарту мақ­сатында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік саясат, қор­шаған ортаны қорғау саласында қабылдап жатқан стратегиялық маңызды шешімдері туралы да сөз болды.

«Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап БҰҰ мен оның маман­дандырылған меке­ме­лерінің жұмысына белсен­ді қатысып келе жатқаны бар­шаға белгілі. Бұл ынтымақтастық – мем­лекетіміздің сыртқы сая­сатын­дағы басым бағыттар­дың бірі. Қазақстанның халықаралық аренадағы жаһан­дық және өңірлік қауіпсіз­дік сала­сындағы стратегиялық мүд­­делерін қамтамасыз ету, ор­нық­ты дамудың негізін жасау, әлем қоғамдастығының мүше­лері арасындағы қатынастарды үй­лестіру – бұл қызметтің бас­ты міндеттері», деді сенатор.

Депутат сарапшылармен пікірсайыс барысында Орнықты даму мақсаттарын іске асыруда, атап айтқанда, жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы проблемаларға мониторинг жүргізу және зерделеу үшін жаңа цифрлық шешімдер енгізу мәселесіне жеке тоқталды.

Іс-шара қорытындысында сенатор Орнықты даму саласын­дағы ұлттық мақ­саттар мен міндет­терді іске асыру барысын мони­торингілеу жөніндегі парла­мент­­тік комиссияның атынан ұйым­дас­тырушыларға зор алғысын білдірді. Сондай-ақ қатысушыларға «Орталық Азиядағы Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу пионерлері (SDG Pioneers)» жеңіс марапаты мен сыйлықтарын табыс етті.