• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Өнер 10 Шілде, 2024

Мал терісіне сурет салу - бейнелеу өнеріндегі тың инновация

300 рет
көрсетілді

«Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қуандық Ералиннің «Тарих тұнған триптих» атты мақаласы жарық көрді.

Көлемді мақала қазақ бейнелеу өнерінің белгілі өкілі Құттыбек Жақыптың шығармашылығы туралы баяндайды.

Құттыбек Жақып - белсенді ізденісімен ерек­шеленіп, қазақ бейнелеу өнеріне тың инновация алып келген шығармашыл тұлға. Өз ісінің нағыз шебері елімізде алғаш рет терінің түкті жағына түктерді қыру мен ою арқылы композиция жасап, ал түксіз жағына майлы бояумен сәндік бейнелеу әдісімен кескіндеме салған.

«Құттыбек елімізге о басында гобелен шығармашылығымен танымал болғанымен, оның көркем өңдеу арқылы теріні станоктық картина деңгейіне дейін көтеру еңбегін көпшілік қауым қазіргі кездегі бейнелеудегі жаңашылдық ретінде біле бермейді. Құттыбектің соңғы кездегі шығармашылығына тән жаңашылдық – малдың терісін өнер материалы ретінде, бейнелеу мүмкіндігі ретінде тануы. Шебердің жиі қолданатын материалы – қара малдың тұтас терісі», деп жазды мақала авторы.

Қуандық Ералин суретшінің туындылары мен идеяларына, стилі мен шеберлігіне тоқтала кетті.

«Теріні көркем өңдеу мен оны компо­зициялық шығармашылыққа, образдық дең­гейге дейін көтеру нәтижесі әділетті Қазақ­стан идеясының еліміздің бейнелеу өнеріндегі жаңа басталып келе жатқан көркемдік іс-әрекет бағытын көрсетеді. Теріні көркем өңдеу мен оны стилизациялық-образдық деңгейге көтеру – Құттыбек Жақыпқа тән жаңашылдық жол», дейді автор.

Мақаланың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.