• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Шілде, 2024

Із-түзсіз жоғалған 16 жастағы қыздың өлімі: Полиция себебін айтты

182 рет
көрсетілді

Қостанай облысының полициясы Әулиекөл ауылында жоғалып кеткен қыздың өлімінің себебін  айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еске сала кетейік, 16 жастағы Дарья Тайронина 26 маусым күні Әулиекөл ауылында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Содан кейін полиция мен еріктілер оны іздестірген.

28 маусымда қыздың мәйіті Әулиекөл маңындағы орманнан табылғаны белгілі болды.

Қостанай облысының полиция департаментінің хабарлауынша қыздың өліміне механикалық асфиксия себеп болған.

«Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторында. Жан - жақты және объективті тергеу үшін қажетті  шаралар жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды», деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.

Полиция әзірге жоғалған қызға қатысты сексуалдық әрекеттер жасалғаны туралы түсінік бере алмайтынын атап өтті.

Өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.