• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 13 Шілде, 2024

Ізгілік марафоны

124 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың бастамасымен ел көлемінде «Таза Қазақ­стан» экологиялық акциясы өтіп жатқаны белгілі. Жұрт болып жұмыла кіріскен жұмыс бүгінде шын мәнінде елдік сипаты бар игі іске айналып үлгерді. Соның бір куәсі – «Игі істер марафоны» жобасы.

Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ-мен бірлесіп, 9–14 шілде аралығында экология апталығын өткізуді қолға алды. Жоба еріктілер мен қоғамдық ұйымдардың атсалысуымен өтеді. Қазір жоба аясында еліміздің барлық өңі­рінде экологиялық апталық әртүрлі тақырыпта жалғасып жатыр. «Игі істер марафоны» – күнтізбедегі маңызды даталарға, халықаралық және түрлі әлеуметтік мәдени тақы­рыптарға арналған «Ізгілік аптасын» дәстүрге айналдыруға жоспарланған.

«Мұндай игі істерге арналған апталықтың атауы жыл сайын өзгеріп отырады. Бұл әлеуметтік жауапкершіліктің түрлі саласына қызығушылықты арттыра отырып, өзекті мәселелердің алуан түрлілігі мен кең ауқы­мын қамтиды. «Игі істер марафо­нының» осы аптасы экологияға арналады. Жобаға қатысу үшін жасаған игі іс туралы әлеуметтік желілерде ақпарат жариялап, Qazvolunteer.kz онлайн платформасында тіркеуден өту қажет», дейді ұйымдастырушылар.

Марафон қорытындысы бойынша ең белсенді қатысу­шылар марапатталады. Расын­да, бұл бірреттік науқан емес, халық мәдени санасын қалып­тастыратын креативті идея. Әсіре­се бұл бастаманың қоғам­ға, қор­ша­ған ортаға деген үлкен қам­қорлық екенін түсінуге болады.