• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Шілде, 2024

Головкиннің 25 миллион теңге айлық алатыны рас па? ҚР ҰОК ресми жауап берді

214 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Жанар Өтешова өз басшысы Геннадий Головкиннің жалақысына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев Головкиннің 20-25 млн теңге шамасында жалақы алып отырғаны туралы айтқан болатын. YouTube-каналдардың біріне сұхбат берген ол Александр Винокуровтың да табысы аз емес екенін, айына 100 мың еуро алып отырғанын жеткізеді.

Осы мәлімдемеден кейін ҰОК бас хатшысы Жанар Өтешова Артаевтың жала жапқанын айтып, Головкиннің аталған лауазымда мүлдем жалақы алмайтынын мәлімдеді.

Ал, жалған ақпарат таратқан экс-боксшыны енді сотқа сүйреуі мүмкін.

«ҰОК президентіне ешқандай жалақы қарастырылмаған, ол ерікті ретінде тегін жұмыс істейді. Президенттікке кіріскенде Геннадий Геннадьевич бірден ҰОК-тің мемлекеттік бюджетпен жұмыс істемейтінін ашық айтты», - деп жазды Өтешова өзінің Instagram-парақшасында.

Оның айтуынша, Ұлттық Олимпиада комитеті қазір білікті заңгерлер жалдап, аталған мәселені сот арқылы шешпекші екен. «Мұның салдары міндетті түрде болады», - деп сөзін түйді ҰОК вице-президенті.