Павлодар облысында тауға шыққан екі адам қайтадан түсе алмағандықтан құтқарушыларға жүгінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше тауға шыққан 1997 жылы туған жігіт және 24 жастағы қыз кешқұрым уақытта төмен түсе алмаған. Шұғыл 5 құтқарушы жіберіліп, 700 метр биіктіктен альпинистік жабдықтың жәрдемімен демалушылар төменге түсірілген.
Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет емес екені анықталды.