15-16 шілде күндері Алматыда нөсер жауын күтіледі. Осыған байланысты 112 қызметі тұрғындарға хабарлама жолдаған, деп жазады Egemen.kz.
«Қазгидромет» РМК дерегінше, 15 шілде күні Алматыда көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Салдарынан қала аумағындағы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.