• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Шілде, 2024

Бурабайда әскери қызметшілерге арналған оңалту орталығы ашылды

98 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталіне қарасты бұл медициналық бөлімше Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оңалту орталығының ашылу салтанатына Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов, Қорғаныс министрлігі басшылығының, Қарулы күштердің Бас әскери-медициналық басқармасының өкілдері және Щучинск гарнизонының жеке құрамы қатысты. 

Іс-шараға қатысушыларды Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров құттықтады. Ол бұл мекеме бітімгерлік миссиялар мен төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысқан, сондай-ақ әскерлердің жауынгерлік және күнделікті өмірінде ерекшеленген әскери қызметшілер санаторлық-курорттық және қалпына келтіру емінен өтетін алғашқы оңалту орталығы екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы белгілегендей, ұлт денсаулығының басымдығын ескере отырып, Қорғаныс министрі қысқа мерзімде әскери қызметшілерді емдеу-қалпына келтіру орталығын құру міндетін қойды. Бүгін біз осы қуанышты оқиғаның куәсі болып отырмыз. Кәсіби дайындалған мамандармен жасақталған және заманауи жабдықтармен жарақтанған орталық жыл сайын жүрек, тыныс алу, жүйке жүйесі және тірек-қимыл аппараты аурулары бар  мың жарымнан астам әскери қызметшіні медициналық оңалтуға мүмкіндік береді», деді министрдің орынбасары. 

Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы - медицина қызметінің полковнигі Ержан Смайылдың айтуынша, он тәулікке созылатын ем қабылдауда мұнда бір лекпен 60 адам оңалтудан өте алады. Пациенттер емдік дене шынықтырумен айналысып, фито, физиотерапия алады. Оның ішінде электр жарығы, магнитотерапия, парафинмен емдеу және электросон, сумен емдеу кешені, емдік-профилактикалық массаж, ингаляция және аэротерапия бар.   

Жақында оңалту бөліміне 30 әскери қызметші келіп орналасты. Алдағы айларда орталық толық жұмыс қарқынына көшеді деп жоспарланып отыр.