• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Футбол 15 Шілде, 2024

Отандық футбол клубы неміс аяқдоп шеберімен толығады

109 рет
көрсетілді

Талдықорғандық «Жетісу» клубы 31 жастағы жартылай қорғаушы Майк Карвотпен келісімшарт жасасуға ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

KazFootball.kz хабарлағандай, бұған дейін ол Польшаның екінші лигасында ойнайтын «Погонь Седльце» клубының мүшесі болған.

Майк Карвот Бундеслигада «Ганновер 96» жастар командасы сапында болғанымен, негізгі құрамға іліге алмаған соң, Грекияның екінші дивизионында ойнайтын «Фостирас» клубында доп тепкен, қаржылай қиындықтан соң Германияға оралып, төртінші дивизион клубтарында ойнаған. 

Германияда туып-өскен ол 290 кездесуге қатысып, 16 доп теуіп, 21 нәтижелі пас берген.