• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 16 Шілде, 2024

Әлеуеті зор ұйым

44 рет
көрсетілді

Шанхай ынтымақтастық ұйымы – беделді халықара­лық құрылым. Жыл сайын ұйымға қатысуға ниет білдіру­шілердің саны артып келеді. Егер ұйым құрыл­ған 2001 жылы 6 мемлекет болса, қазір мүше мемлекет­тер саны 10-ға жетті, ал жалпы қатысушылар саны 26-ға дейін өсті.

ШЫҰ-на экономикасы аса ірі жəне жылдам дамып келе жатқан, 3 млрд-тан аса адам тұратын мемлекеттер кіреді. Әлемдік ішкі жалпы өнімнің үштен бірі осы елдерге тиесілі. Бұл мүше мемлекеттердің дау­сы мен мүдделері тең дəре­жеде ескерілетін Шанхай ынтымақтастық ұйымның орасан зор əлеуеті мен жаһан­дық рөлін айқын көрсетеді. Астанадағы алқалы жиын­ға 16 елдің президенті мен үкімет басшылары, сондай-ақ бірнеше халықаралық ұйымның жетекшілері қатысты. Осының өзі бұл жолғы ұйымның отырысы дəстүрлі форматтан анағұр­лым өзгеше болғанын, бұл ұйымның халықаралық аре­надағы беделінің артып келе жатқанын, бүгінде ШЫҰ Еуразиялық ұйымға айнал­ғанын көрсетеді.

Саммитте сөйлеген бар­лық елдердің басшылары Қазақ­станның ШЫҰ-дағы төр­ағалығының табысты өт­кенін айта келіп, Қазақ­станның əлемдік қоғамдас­тықтың лайықты мүшесі ретін­де аймақта ғана емес, халық­аралық аренада да маңызды рөл атқарып жатқанына назар аударды. Ал БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш өзінің сапарын БҰҰ-ның Қазақстанға жəне оның ШЫҰ төрағалығына көрсеткен қолдауының көрі­нісі ретінде қарастыраты­нын мəлімдей келе, Қазақстан­ның бейбітшілік жолын­дағы күрес­тің жарқын үлгісін көр­­сетіп келе жатқанын, көп­­теген күрделі жағдай­да Астана қашанда алтын кө­пір, бітімгершіліктің ел­шісі, бейбітшілік алаңы бол­ға­нын атап өтті. БҰҰ Бас хатшысы Астананың Шанхай ын­тымақтастық ұйымына төр­ағалығын жоғары бағалап, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси жəне экономикалық реформаларды қолдайтынын, еліміздің жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын айтты.

Қазақстанның ШЫҰ-на төрағалық етуі ұйым үшін де, еліміз үшін де үлкен маңыз­ды кезең болды. Президент Қ.Тоқаев еліміздің сыртқы саясатының жасампаздық əлеуетін бүкіл əлемге танытты. Қазақстанның ШЫҰ-на төрағалығы кезінде түрлі деңгейде 150-ге жуық іс-шара, соның ішінде цифр­лық даму, туризм, энергетика, бизнес салаларында форум­дар жəне ШЫҰ жас­тар кеңесі өтті. Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құ­жатпен толықтырылды. ШЫҰ серіктестері саналатын халықаралық ұйымдар­дың қатары көбейді. Инвести­циялар жөніндегі арнайы жұмыс тобының қызметі жандана түсті. Ұлттық валютамен есеп айырысуға көшу үдерісі дами бастады.

Саммитте 25 құжатқа қол қойылды, оның ішінде негізгі саяси құжат – Астана декларациясы. Бұл құжат­та ШЫҰ-ның халықаралық өзекті жəне өңірлік мəселе­лер бағытындағы ұстаны­мы айқындалып, ұйым­ның өткен кезеңдегі қызметі қорытындыланды. Саяси тұрғыдан алғанда, ШЫҰ-ға мүшелік және оған төр­аға­лық ету еліміздің халық­аралық саясатта өз орнын бекіту­ге, қауіпсіздік, тұрақ­ты­лық пен жүйелі дамуға қатыс­ты ықпалын арттыруға мүм­кіндік береді. Қазір əлем­дегі саяси-экономикалық тұрақ­сыздық кезеңінде еліміздің ұйымға мүше болуы, төраға­лық етуі өзге елдермен саяси диалог құруға, бейбіт бас­тамаларды жүзеге асыруға жол ашты. Экономика­лық ынтымақтастық тұрғысы­нан қарасақ, Қазақстанның ШЫҰ-ның экономикалық əлеуеті жоғары мүшелерімен ұйым аясында қарым-қатынас орнатуы екіжақты сауда-саттық байланыстардың нығаюына, елімізге инвестиция тартуға, біріккен жобаларды іске асыру­ға айтарлықтай септігін тигізеді. Осылайша, ШЫҰ-ға мүше болу Қазақстанның өңір­­лік, халықаралық аре­на­да­ғы мүмкіндіктерін айтар­лық­тай кеңейтеді, оның эконо­мика­лық, саяси дамуына ықпа­л ете­ді. Сонымен қатар жаһан­дық мəс­елелер мен сын-қатер­лер­ді шешудегі рөлін арттырады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен ШЫҰ аясында инвестициялық қор құру мүмкіндігі ұсынылып отыр. Ұйымның қаржыландыруы ШЫҰ аясында нақты жобалар жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Яғни қаржыландыру Қазақстан мен ұйым мүше­лерінің экономикалық дамуына серпін беретін, негізі­нен серіктестікті нығайта­тын, көлік-транзит əлеуетін арттыратын жобаларға бағыт­талады. Бұл ретте еліміз зор маңызға ие ауқымды жоба – Транскаспий халықаралық көлік бағдарының дамуына өз үлесін қосады.

Қазақстанның төрағалығы нақты ұсыныстар мен тəжіри­белік маңызы бар шешімдерге негізделді. Қазақстан төраға­лық кезінде ұйымға мүше мемлекеттердің күш-жігерін ШЫҰ-ның 2030 жылға дейінгі эконо­микалық даму страте­гия­сын тиімді жүзеге асыру­ға бағыттады. Шанхай ынты­мақ­­тастық ұйымы достық, тату көр­шілік, тең құқық­тық жəне өзара қолдау­дың негізін­де жұмыс істей­тін мемлекет­ара­лық қатынастар­дың тиімді теті­гіне айналды. Ас­танада өт­кі­зі­лген «Шанхай он­ды­ғы­н­а» кіретін елдердің сам­миті қазір­гі жаһандық геосая­си күрделі кезеңде əлем қоғам­дастығына жаңа тыныс, дем берді. Қуаныш АЙТАХАНОВ,экономика ғылымдарының докторы