• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Шілде, 2024

Саяхатшы Каспий теңізі арқылы Қазақстаннан Әзербайжанға жүзіп өтпек

231 рет
көрсетілді

Британдық саяхатшы Карл Бушби Каспий теңізі арқылы Қазақстаннан Әзербайжанға дейін 300 шақырымды жүзіп өтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz  АЗЕРТАДЖ  басылымына сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, саяхатшы тамыз айының ортасында жүзуді бастайды.

Саяхатшының мұндай шешім қабылдауына себеп болған мәселе - Батыспен саяси шиеленістерге байланысты Ресей немесе Иран арқылы өте алмауы.

Карл Бушбидың зерттеулерінше, дүние жүзіндегі ең үлкен тұйық су айдыны Каспий теңізінен ешкім өткен емес.

Айта кетейік, саяхатшы Бушби 1998 жылы бүкіл әлем бойынша саяхатқа шыққан. Ол 58 мың шақырымдық жолының үштен екісінен астамын жүріп өткен.