• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Шілде, 2024

«Жынды Әбен»

330 рет
көрсетілді

Біздің ауыл Жаңаарқаға жақын болғаннан ба, «жынды Әбен» туралы жастай естіп өстік. Ауылда әркім айтып қалып жүретін. Кейін қалада оқығанда да, жұмыс істей бастағалы да құлағымыз шалып келеді.

Заманы тудырған бұл адамдар туралы кеңінен жазылмай қалды. Кей-кейде Чарльз Чаплин киноларының кесінділерін көргенде, менің есіме осы «жынды Әбен» туралы әңгімелер түседі. Ол кісі не істемеген дейсіз ғой? Шақпақ қант яки домалақ кәмпитті әуеге лақтырып қалады екен де, аузымен қағып алатын көрінеді. Ұнамаған кісіден озып барып, алдында келе жатып түкіргенде, соңындағының бетіне тиетіні айтылады (сол заманда түсіретін сотканың жоғын-ай, ә?). Мұндай сайқымазақтығы туралы ұзынды-қысқалы әңгімелер жетерлік.

Түрмеден де сол сайқымазақ­ты­­ғының арқасында аман құтылып шық­қан. Тегін адам Сәкенге серік болсын ба? Сәкеннің тамыры ретінде ұстал­ғанымен, тергеушілерге жын­ды көрініп босаған. Ұрып-со­ғып, азаптаудың неше атасын көр­сеткенімен, абақтыдан босатарда шық­пай отырып алыпты. «Жат­сам-тұр­сам иығымнан екі бірдей қарауыл қойып, аман-саулығымды кү­зет­­тіріп ұстап еді. Бостандықта енді мені кім күзетеді?» деп еңкілдеп жыласа керек.

Осыншама сайқымазақ кісінің істің ығын білетін сөзге тапқырлығы туралы да әңгіме жетерлік. Ол кезде басқарма, кәсіподақ басшыларына кіріп, мәселесін шешіп шыға береді екен. Қар түсе басқармаға кіріп, әңгімесін айтып, қылжақтап отырса, бұйымтайын сұрапты. «Менде жалғыз аттан басқа не бар?» деп тайып тұрыпты. Басқа ләм демеген. Ертеңіне қорасына атының қыстық шөбі жетіпті. Бір кездері қарша борағанымен, бүгіндері ұмытылуға айналған осыншама көп сөздің жалғыз түйіні – ақын Ғалым Жайлыбайдың «Жынды Әбен» атты өлеңі. Бұл шығарма тұлғаның бар болмысын ашып қана қоймай, оның өміріне қызықтыра түседі.

«Толқынның басылған жоқ сұмдық әні,Ол күннің ашылған жоқ шындығы әлі.Жамиғат аңыз еткен Жаңаарқада,«Жынды Әбен»?Жындыңыз не, сұңғыланы.Кез өлген жұтатұғын ауадан «бал»,Замандас, өткен күннен сауал аңғар....Мен сенің саулығыңа күмәнданам,Әбенді «жынды» атаған сау адамдар» дейді ақын. «Жынды Әбен» туралы материал жинап жүргендер бар да шығар, кім біледі?