• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 09:25

Астанада сауда орталығы өртенді

33 рет
көрсетілді

17 шілде таңғы сағат 4 шамасында Астана қаласы, Байқоңыр ауданындағы «Ажар» сауда үйінен өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.

ТЖД мамандары мен техника жеткен кезде  2 қабатты орталықтың 3 сауда бутигінің жанып жатқаны анықталды.

Өртті жоюға ТЖМ күштер мен құралдарының жеке құрамынан 65 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Сауда орталығынан өрт шыққан уақытта ішінде адамдар болмаған.

Қызыл жалын алдын ала 60 шаршы метр алаңда оқшауланып, сөндірілді.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.