Үш дүркін «Алтын доп» иегерін «Семей» футзал командасы қатарына қосты, деп жазады Egemen.kz.
«Семей» клубының сапына Феррао лақап атымен танымал бразилиялық Карлос Вагнер Гуларте Фило қосылды.
(Фото: asnta.ru)
34 жастағы Феррао «Жоинвилл», «Атлант», «Фаррупилья», «Тюмень» клубтарында доп тепкен. 2014 жылдан «Барселона» командасының намысын қорғаған ол 2019, 2020, 2021 жылдары әлемнің үздік футболшысы атанды.