• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Туризм Бүгін, 18:00

ТОП-5: Қазақстанда ең танымал курорттық аймақтар

40 рет
көрсетілді

2024 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Қазақстанның курорттық аймақтарын 766 588 турист аралаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Туризм индустриясы комитеті Қазақстанда ең танымал 5 курорттық аймақтарды атады:

Бірінші орын – Алматы тау кластері. Бұл аймақтың табиғаты мен тау пейзаждарын 551 965 турист тамашалаған. Екінші орын – Щучинск-Бурабай курорттық аймағы. Көкшетаудың табиғи сұлулығы, осы аймақтың көлдері мен ормандары 69 103 саяхатшыны қызықтырған. Үшінші орын – Маңғыстау курорттық аймағы. Каспий теңізінің бірегей табиғи ландшафттары мен жағалауы 57 529 турист үшін демалыс орнына айналған. Төртінші орын – Түркістан туристік аймағы. Түркістанның бай тарихы мен мәдени мұрасы 26 069 қонақты қызықтырған. Бесінші орын – Алтай курорттық аймағы. 2024 жылдың алғашқы үш айында бұл көркем аймаққа 20 696 турист келген.