• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Олимпиада Бүгін, 10:22

Париж Олимпиадасының ашылу салтанатына неше спортшымыз қатысады

48 рет
көрсетілді

Париж-2024 ойындарында әр спорттың өту мерзімі әртүрлі күндерге жоспарланғандықтан Қазақстан құрамасы сапындағы 80 спортшының барлығы 26 шілде күнгі ашылу салтанатына бара алмайды, деп жазады Egemen.kz.

Министрлікке қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше 26 шілдеге дейін төрт жылдықтың басты спорт додасына академиялық ескек есу, садақ ату, бокс, нысана көздеу, теннис, үстел теннисі, спорттық гимнастика, семсерлесу, жүзу, бадминтон, дзюдо, тасжолдағы велоспорт, стенд ату бойынша додаға енетін спортшыларымыз (50 спортшы) ғана барып үлгереді. 

Жеңіл атлетикадан отандастарымыз Францияға 29 шілде күні аттанады. Алайда Ольга Сафронова салтанатты шеруде ту ұстайтындықтан, өзгелерден бірнеше күн ерте барады. Ал еркін күрес шеберлері 5 тамызда ғана Алматыдан аттанса, брейкингтен сынға түсетін Амир Закиров 8 тамыз күні Парижге жетеді. Кері бағытта елімізге бірінші болып, академиялық ескек есу және дзюдо күресіндегі спортшыларымыз 4 тамызда оралады.