• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Шілде, 2024

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері қанша

311 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек министрлігінің мәліметінше жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 861,7 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 585,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 275,8 млрд теңге қарастырылған.

«2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 391 мың адам. 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 110 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 479 теңге, базалық зейнетақы – 42 631 теңге», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, маусым айында зейнетақының орташа мөлшері 132 401 теңгені құраған еді.