Париж-2024 Паралимпиада ойындарына пара жеңіл атлетикадан қоржынға кезекті жолдама түсті, деп жазады Egemen.kz.
CSP-parasport.kz мәліметінше жолдама жеңіп алған Салтанат Әбілхасымқызы Т35 классында 100 метрге жүгіру дисциплинасында додаға енеді. Бұл осымен аталған спорттан 4-ші лицензия. Бұдан бөлек Парижде пара жеңіл атлетикадан ел намысын Дастан Мұқашбеков, Жоламан Еламан, Гүлбахыт Қайыржанова қорғайтын болады. Паралимпиада ойындары бойынша қазіргі уақытта Қазақстанның 8 спорт түрінен 22 лицензиясы бар.