• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Шілде, 2024

Қазақстанда үш жаңа комитет құрылды

174 рет
көрсетілді

Бұл туралы Әділет министрлігі мәлімдеді. 15 шілдеде тиісті қаулы қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2024 жылдың 15 шілдесінде Қазақстан Үкіметі жаңа комитеттер құру туралы қаулы қабылдады. Енді Әділет министрлігінде зияткерлік меншік құқығы, мәжбүрлеп орындату, тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитеті құрылды», делінген хабарламада.

Зияткерлік меншік құқығы комитеті шығармашылық пен инновацияны дамытып, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау мәселелерімен айналысады. Бұл патент пен авторлық құқықты тиімді басқаруға, сондай-ақ ғылым, технология және мәдениеттің дамуына жол ашады.

Мәжбүрлеп орындату комитеті сот орындаушылары іс-әрекетінің заңдылығын сақтау, халықпен тығыз жұмыс істеу, азаматтардың бұзылған құқықтарын жедел қалпына келтіру бойынша жұмыс істейді. Сондай-ақ атқарушылық іс жүргізуді жаңғыртуға басымдық береді.

Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитеті заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқық, нотариаттық және адвокаттық қызметті реттеу саласындағы бақылауды жүзеге асырады.