• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Заң 19 Шілде, 2024

Асламбек Мерғалиев адвокаттар алқасының төрағасымен кездесті

143 рет
көрсетілді

Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаевпен сот реформасы мен құқықтық қорғаудың өзекті мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.

Асламбек Мерғалиев қамауда ұстауға балама бұлтартпау шараларын таңдау кезінде «электронды білезіктерді» пайдалануды және елордада «үздіксіз» кассация қағидаты бойынша жұмыс істейтін үш кассациялық сотты құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндады.

Тараптар сотта барлық азаматтарға құқықтарын қорғау, сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүргізуде адвокаттардың рөлін арттыру үшін білікті заң көмегіне тең қолжетімділікті қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

Кездесу соңында қатысушылар сот жүйесін, сот құрылымын және адвокатураны одан әрі жетілдіру жөніндегі бастамаларда ынтымақтастыққа және сындарлы талқылауға дайын екендігін білдірді.