• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:48

Маңғыстауда мектеп директоры мұғалімдерден заңсыз ақша жинап келген

32 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында мұғалімдерден ақша жинаған мектеп басшылығына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мұнайлы ауданының прокуратурасы «№3 арнайы мектеп» КММ тексеру нәтижелері бойынша мекеме басшылығы тарапынан бірқатар заң бұзушылықты анықтады. Мәселен, мектеп басшылығы ай сайын қызметкерлерден мобильді қосымшалар арқылы ақша қаражатын заңсыз жинауды жүзеге асырған», деп хабарлады Маңғыстау облысының прокуратурасы.

Сонымен қатар ресми өкімдер шығару және жеке тұлғаларға артық сыйлықақылар есептеу негізінде ақша қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталған. Сондай-ақ мектеп директоры да қарамағындағыларды өзіне салынған әкімшілік айыппұлды төлеуге мәжбүрлеген.

Аталған арнайы мектептің лауазымды тұлғаларына қатысты қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 361-бабы «Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.