• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Шілде, 2024

Астанада ірі құрылыс компаниясының бұрынғы экономисі сотталды

167 рет
көрсетілді

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген экономистке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анықталғандай, сотталушы ірі құрылыс компаниясында экономист болып жұмыс істеген.  Ол 1С бухгалтерлік есеп базасына қол жеткізе отырып, контрагенттер тізіміне жұбайының атына рәсімделген фирманы қосқан. Кейін аталған фирмадан төлем алу үшін жарамсыз шоттарды бухгалтерияға ұсынған.

«Осылайша, жұмыстарды орындамай және қызмет көрсетпей, сотталушының жұбайының фирмасының шотына 2022 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында құрылыс компаниясының шотынан 73,3 миллион теңгеден астам, 2022 жылдың мамыр-тамыз айлары аралығында 26,8 миллион теңге аударылды. Құрылыс компаниясына жалпы сомасы 100 миллион теңгеден астам шығын келтірілді», делінген сот хабарламасында.

Сотта айыпталушы кінәсін мойындамаған. Алайда, оның кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, ақша аударымдары туралы мәліметтермен, заттар мен құжаттарды қарау хаттамаларымен және букмекерлік кеңсенің жауаптарымен дәлелденген.

Сот үкімімен К., кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот жәбірленуші тараптың жалпы сомасы 100 миллион теңгеден астам азаматтық талаптарын қанағаттандырған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.