Дағыстанда квестте болған қайғылы оқиғадан соң қылмыстық іс қозғалды. Қаза тапқан қыздардың бірі 19 жаста, екіншісі 25 жаста болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
БАҚ-та тараған мәліметтер бойынша 19 жастағы Асият және оның 20 жастағы жұбайы, 25 жастағы Мадина есімді қыз квест-бөлмеге барған.
Квест-бөлменің қызметкерлері оларды орындыққа байлап, ағаш кесетін электр арамен шошытқан, керосин құйып от жағып қорқытқан. Ойынның мақсаты бөлмеден шығу болған. Дегенмен, ойын кезінде актерлердің бірі арнайы қолғапты жағып, оны бензин және керосин жатқан жерге тастап жіберген. Осылайша, бөлмеде өрт шыққан. Актер қашып кеткен. Өрт ішінде қалған үшеу орындыққа байлаулы күйде қалған. Көмекке ешкім келмеген.
19 жастағы Асият қаза тапты. Оның күйеуі 20 жастағы Саид жан сақтау бөлімінде жатыр, оның денесінің 50%-ын күйік шалған. Екінші қыз, 25 жастағы Мадина ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен, денесінің 97%-ы күйген. Ол ауруханада ауыр халде жатып, жан тапсырды.
Квест иелерінің бірі Гусейн Ибрагимов ұсталды.