• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:30

«Қазақ болғым келеді»: Домбыра шерткен түрік азаматы жұртты сүйсінтті

40 рет
көрсетілді

Желіде түрік азаматының домбыра шертіп отырғаны бейнеленген видео тарап жүр. Ол желі қолданушыларын қазақтарға деген сүйіспеншілігімен, домбыраға деген махаббатымен таң қалдырды, деп жазады Egemen.kz.

16 жастағы түрік жігіті Ыстанбұл көшелерінде домбыра шертіп отырған. Видео авторы жігіттен домбыра ойнауды қалай меңгергенін сұраған.

Түрік жігітінің айтуынша, ол YouTube-тан қарап, аспапты жетік меңгеріп, өзінің курстарын ашқан.

«Егер мен бұл дүниеге қайта келсем, мен қазақ болғым келеді», дейді жігіт.

Желі қолданушыларын түрік жігітінің қазақтың аспабына деген махабаты, сондай-ақ қазақ болғысы келетіні тәнтті етті.