• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 10:43

Олимпиадаға аттанатын ең егде спортшы кім

53 рет
көрсетілді

XXXIIІ жазғы Олимпиада ойындарының бастау алуына 3 күн қалды. Әлемнің әйгілі әрі үздік спортшылары бас қосатын сынға Қазақстан атлеттерінің алғашқы легі де аттанды, деп жазады Egemen.kz.

Париж Олимпиадасында ел намысын 80 отандасымыз 25 спорт түрінен қорғайды. Қоржында 92 жолдама бар. 

Олимпиадалық құрамның осы жолғы ерекшелігі ретінде алғаш рет «алтыны» сарапқа салынатын брейкинг және бадминтоннан Қазақстан өкілдері жолдаманы қармап қалды. 

Ел спортшыларының арасында Олимпия ойындарында ең жас спортшы ретінде Батырхан Төлеуғали (17 жас), ең егде спортшы семсерлесуден Эльмир Әлімжанов (37 жас) бақ сынайды.

Өзбекстан жолдама саны жағынан Қазақстанды басып озды. Орталық Азиядағы өзге мемлекеттер Олимпиадаға неше спортшы қосқанын тілшіміз Алмас Манаптың Париж төрінен қандай сый бұйырады мақаласынан толық оқи аласыз.