Түркияның Чанаккале провинциясында магнитудасы 4,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Oxu.Az сайтына сілтеме жасап.
Түркияның Табиғи апаттарды басқару басқармасы (AFAD) жер сілкінісінің 10 шақырым тереңдікте болғанын хабарлады.
«Зілзала ошағы Түркияның солтүстік-батысында, Эгей теңізінің жағалауында орналасқан Чанаккале қаласына жақын жерде болды. Бұл сейсмикалық оқиға жақын маңдағы бірқатар елді мекенде және қаланың кейбір аудандарында сезілді», делінген AFAD хабарламасында.
Әзірге зардап шеккендер мен айтарлықтай шығын туралы ақпарат жоқ.