Қоғам 24 Шілде, 2024

Шегірткеге қарсы 2,8 млн гектар жер өнделді

136 рет
көрсетілді

Елімізде 2,8 млн гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу бойынша қорғау іс-шаралары аяқталды, бұл болжанған көлемнің 110%-ын құрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында: «Барлығы 15,8 млн гектар зерттелді, бұл жоспардың 92,4% құрайды. 13 облыста – Абай, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Түркістанда жұмыс толығымен аяқталды», делінген.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облыстарында италиялық шегіртке түріне қарсы өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар