• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экспорт 24 Шілде, 2024

Ет жеткізу артты

112 рет
көрсетілді

Қазақстан Қытайға 75 млн долларға ет пен мал жеткізуді жоспарлап отыр. Рес­пуб­­ликаның ауыл шаруашылығы саласын­да Қазақстан-Қытай серіктестігінің маңыз­ды­лы­ғы артып келеді.

Қазақстан Қытайға 75 млн доллар болатын ет пен мал жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл ше­шім­ге Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігінің өкіл­дері мен Қытайдың «CITIC Construction» және «Beijing Capital Agro» ком­панияларының басшылық құрамы кез­де­суінің арқасында қол жет­­кен. Кездесуге Қазақстанның «Meat processing and Servis com­pa­ny», «Елімай Көкпекті», «Астана Агро Продукт» ЖШС, «Agro Silk Way», «Жаке» ШҚ, «Қазақстан ет одағы» қауым­дастығының өкіл­де­рі қа­тысқан.

– Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет басшысының экспортты ұлғайту жөніндегі тапсырмасы және Қазақстан мен ҚХР арасында қол қойылған ветеринарлық талаптар жөніндегі хаттама шеңберінде жұмысты жалғастырып жатыр, – делінген басылым мақаласында. Сондай-ақ министрлік ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан-Қытай серіктестігінің маңыздылығына жеке тоқталған. Былтыр Қазақстан мен ҚХР арасындағы АӨК өнімдерінің тауар айналымы 1,3 млрд долларды құрады, бұл 2022 жылмен са­лыстырғанда 67 пайызға артық. ҚХР-ға ауыл шаруашылығы өнім­дерін экспорттау көлемі 2 есе өсіп, 1 млрд долларға жетті. Ендігі жерде мал шаруашылығы өнімдері есебінен экспорт көлемі ұлғайтылмақ.