Желіде Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адам 10 жастағы баланы ұрып-соққаны бейнеленген видео тарап жүр. Оқиға тұрғын үйдегі лифтіде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бейнероликте оқиға 23 шілде күні 14:36-да болғаны жазылған. Құқық қорғау органдары аталған оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
«Ер адам анықталып, полицияға жеткізілді. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі. Өзге мәліметтер анықталып жатыр», деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.