Түркістан облысында 9 жыл бойы халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Арыс аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген жергілікті тұрғынды анықтады. Осылайша, полицейлер Сайрам ауданындағы жалдамалы пәтердің бірінде іздеуде жүрген 35 жастағы қылмыскерді ұстады», деп мәлімдеді полиция қызметкерлері.
Оның 2015 жылдан бері қарумен ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүргені анықталды. Ер адам қамауда отыр. Тергеу барысында күдіктінің қылмысқа қатыстылығы толық дәлелденіп, жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.