• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 16:16

Теннисшілердің Олимпиададағы алғашқы қарсыластары анықталды

31 рет
көрсетілді

Париж-2024 жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан теннисшілерінің алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жекелей сында бақ сынайтын теннисшілер:

Елена Рыбакина – Жаклин Кристиан (Румыния); Юлия Путинцева – Марта Костюк (Украина); Александр Бублик – Фриц Тэйлор (АҚШ), Александр Шевченко – Якуб Меншик (Чехия); Жұптық сын: Бублик/Недовесов – Монтейро/Уайлд.

Тағы бір айта кетерлігі, Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімімен Қазақстан құрамасына теннистен қосымша бір лицензия бұйырды, аралас командалық сында (микст) Александр Бублик пен Елена Рыбакинаның алғашқы қарсыласы – Кори Гауфф пен Тэйлор Фриц.