• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Шілде, 2024

АҚШ-тағы президент сайлауы: Камала Харрис мәлімдеме жасады

147 рет
көрсетілді

АҚШ вице-президенті Камала Харрис қарашада өтетін сайлауға қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Камала Харрис X-тегі парақшасында жазды.

«Мен Америка Құрама Штаттарының президенттігіне үміткермін», деп жазды Камала Харрис.

Сондай-ақ вице-президент өзінің  үгіт-насихат видеосын жариялады.

Айта кетейік, бұған дейін Джо Байден  АҚШ президенті сайлауынан бас тартқанын мәлімдеген  болатын. Байден өз мәлімдемесінде мерзім аяқталғанға дейін президент болып қалатынын, бірақ қайта сайлануға ұмтылмайтынын атап өтті. Сонымен қатар президент сайлауына үміткер ретінде өзінің орынбасары, вице-президент Камала Харристі ұсынды. 

Камала Харристің сайлау науқанына АҚШ тұрғындары бірнеше сағат ішінде 46 миллион доллардан астам қаражат жинағаны белгілі болды.

АҚШ президентінің сайлауы 5 қарашада өтеді.