«Өнер – табиғаттан туады» дейді Эмиль Дюркгейм. Хорватиядағы «Задар» толқындары – соның бірегей дәлелі.
Задар қаласының жағалауында отырып ғаламат әуенге елітуге болады. Ол сұлу әуезді толқындар салады. Онда бір тонға бейімделген 35 құбырдан тұратын құрылым бар. Ауа құбырларға жел мен толқындардың ретсіз әсерінен теңізге түсетін мәрмәр баспалдақтар арқылы енеді екен. Содан небір үн шығып, түбегейлі ән туады.