Ең қысқа әңгіме 26 Шілде, 2024

Терезесі жоқ сарай

87 рет
көрсетілді

Нью-Йоркте 167 метрлік зәулім ғимарат бар. Бірақ оның бірде-бір терезесі жоқ. Неге?

Манхэттендегі Томас көшесінде биіктігі 170 метрге жуық терезесі жоқ, зәулім ғимарат орналасқан. Халық оны «Қатыгездік мұнарасы» деп атап кеткен. Ал ақиқатында ол – «АT&T» компаниясына тиесілі автоматты телефон стансасы. Ғимарат ядролық жарылыс болған жағдайда екі апта бойы радиоактивті ластануға төтеп беруге арналған. Сол себепті де терезесі жоқ.